Кітап – асыл қазына

19

Жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап күні аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталғандар арасында мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, олардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Іс-шара барысында мекеме кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, әртүрлі жанрдағы әдебиеттер ұсынылды. Сотталғандар қазақ және әлем әдебиетінің классикалық шығармаларымен танысып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар арасында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында пікірталас өткізіліп, белсенділік танытқан сотталғандар марапатталды.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, оның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, дұрыс бағытқа бет бұруына септігін тигізеді. Осыған байланысты тәрбиелік және психологиялық жұмыстар аясында кітап оқуды насихаттау тұрақты түрде жүргізілуде.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоғамға бейімделуіне, олардың бойында оң қасиеттерді қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.