Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді

55

Ақорда

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді: 22 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында 23 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280227-astanada-qazaqstandagy-reseidin-madeniet-kunderi-otedi

Leave A Reply

Your email address will not be published.