Өнер иесі жаңа түскен келініне қатаң талап қоймағанын, керісінше еркіндік бергенін жасырмады.
«Келін алған керемет сезім екен. Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген екен. «Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады» дедім. Біз де, олар да қыдырпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, 3 тіл біледі. Одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуі кәсібін істесін деймін. Үйде орамал тақса, далаға шығатын кезде шашы басылып қалады. Тақпай-ақ қойсыншы десем, папасы» жұқа орамал жоқ па» дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең шашың жатып қалатын. Оны қайтадан жуу керек болады», — дейді әнші.
Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Негізі күнделікті сәлем салған жақсы ғой. Әр сәлем салған сайын «көп жаса, бақытты бол» деп сіздер бата бересіздер. Ата-бабамыз келінге күнделікте сәлем салғызған ғой. Оның астарында үлкен мән жатыр. Ал қалған орамал тақпай-ақ қою жайлы әркім өзі біледіғой!», «Сіздей ене бұйырсын», «Сіз сияқты ене боламын», «Жарайсың, Жазира», «Керемет ене, түсінігі мол. Қазіргі заманда орамалға қатты қарау қажет емес секілді. Заман заманымен деген», — деп жазды оқырмандар.