Қарашада Жамбылда жауын-шашын нормадан аз түседі

693

«Қазгидромет» РМК алдын ала болжамы бойынша, қарашада синоптикалық процестер жиі ауысып, ауа райы құбылмалы болады. Аязды және жылы күн райы алма-кезек ауысып, жауын-шашын, көктайғақ болады және екпінді жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

«Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында қатты суық сезіледі. Термометрдің бағанасы елдің солтүстік жартысында түнде минус 5…15 градус, күндіз минус 0…8 градусты көрсетеді. Оңтүстік жартысында түнде 0…7 градус суық, күндіз 0…5 градус жылы болады. Айдың аяғында бұдан да қатты суық болады. Нәтижесінде айдағы орташа ауа температурасы климаттық нормаға жуық болуы ықтимал, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен болады», — делінген синоптиктердің хабарламасында.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында нормадан аз болса, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп болуы мүмкін.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.