ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ

63
Қазіргі жастардың тәрбиесі, оқу-білімге құштарлығы, еңбекке ынтызарлығы жайлы толғасам, қол бұлғап қыр астында қалған өзімнің студенттік жылдарым ойға оралады. ..
Шіркін, жастықтың жалыны қандай еді?! Шаршау-шалдығу дегенді білмейтін едік. Қайта бір-бірімізбен жарысып еңбек еттік.
Бізге дәріс берген аға буын ұрпақ соғыстан кейін білімге құштар, көргені мен көңілге түйгені көп, шын мәніндегі зиялы қауым еді.
Барлығының жүріс-тұрысы, киім кию үлгісі, сөз сөйлеу мәнері ерекше еді. Әрі бәрі бірдей әмбебап. Өнерге де, спортқа да машықтанған сайдың тасындай іріктелген, болмысы бөлек тұлғалар болатын…
Өткен шақ өтті, бүгінгі таңда да жалынды жастарымыз, өнеге берер аға буын ұстаздарымыз да жетерлік.
Оқимын білім қуамын деген жасқа барлық жағдай жасалған.
Осындай сүйіншілей айтатын қуанышты жағдайлар мектебімізде де жиі орын алып тұрады.
Айтап айтар болсақ: Республикалық Зерттеу жобасынан, 9 сынып оқушысы Бақытжан Інжу ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады. Жетекшісі: Жаттоева София Шамаиловна.
Мемлекет басшысының мына бір сөздерін қоғам болып түгелдей ескерген жөн деп есептеймін. «Еліміздің тағдыры – жастардың қолында.
Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатырмыз.
Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні….бір ғана тілегім, ақыл кеңесім бар. Жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек.
Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын..» — деді Президент Қосым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің сұхбатынан түйген ойымыз көп. Соның ішінде негізгісін айтар болсам, қазір ұрпақтың жақсы білім алып өсуіне мүмкіндік көп.
Мемлекеттің стратегиялық саясаты ұлттың болашағына қатысты түйткілді мәселелерді күні бұрын зерделеп, дұрыс шешуге бағыталған.
Осы саясатты, қабылданып жатқан реформалардың дұрыс іске асуына қоғам болып атсалысуымыз, қолдауымыз керек. Жастардың дұрыс білім алуына, мемлекет азаматы ретінде қалыптасуына ел болып жұмылған дұрыс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.