Тараздық кәсіпорындар ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды бастады

725

Алғашқылардың бірі болып өңірдегі химия өнімдері мен аяқ-киім шығаратын өндіріс орындары қолға алып отыр. Қазір жергілікті қос компания тиісті құжаттарды әзірлеп, жұмысшылардың тізімдерін бекітіп жатыр.

Елбасының Жолдауда айтқан тапсырмасын орындауға бірінші болып жеңілөнеркәсіп саласы кірісті. Мәселен, мына фабрика жылына 400 мың жұп аяқ-киім жасауға қауқарлы. Бүгінде 370 жұмысшы еңбек етсе, олардың 40-қа жуығы ең төменгі жалақы алады.

Мұхтар Шаюнусов, кәсіпорын бас директорының орынбасары:

— Айтылды ғой. Бірінші январьдан бастап айлық көтеру керек деп. Біз көтеріп жатырмыз. 37 мыңнан 42 мыңға дейін. Общий бір айда жалақы 222 мыңға арттырылды. Ол за счет увеличение производство.

Қазір мұнда қысқы және күзгі аяқ киімнің үлгісінің 10 түрі шығарылып жатыр. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Дайындалған тауардың басым бөлігі  жергілікті нарыққа босатылуда. Өндірісте 95 пайыз отандық өнім пайдаланылады. Былтыр кәсіпорын 157 мың жұп аяқ киім жасап шығарған. Биыл бұл межені 200 мыңға жеткізу жоспарда.

Ербол Рақұлов, жұмысшы:

— Айлық көбейеді деп жатыр. Бізде станоктарға маман тапшы. Кез келген станокқа адам үйретеміз. Айлық аздықтан көбісі кетіп қалады. Мысалы, мына станокқа жас бала үйреткенмін. Бір-екі ай істеді. Сосын зарплата аз болған соң кетіп қалды. Жалақы көбейсе жұмысшыларымыздың материалдық жағдайы да жақсы болады.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

— Отандық былғары аяқ киім шығаратын өндірісорны бүгінгі нарық жағдайына бейімделіп, жаңа технологиялар негізінде сапалы өнімдер шығаруға көшті. Енді жаңа жылдан бастап кәсіпорын жалақыны 15 пайызға көбейтпек. Бұл жұмысшыларды ынталандырып қана қоймай, еңбек өнімділігін еселеуге мүмкіндік береді.

Ал химиялық өнімдерді шығаратын мына зауытта 6 мыңнан астам жұмыс істейді. Мұнда ең төменгі жалақыны біліктілігі төмен жұмысшылар алады. Айлықтары 55 мың теңге. Жаңа жылдан бастап оны 15, ал жалпы жалақыны 10 пайызға арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатта 2019 жылғы компания бюджетінен қосымша 950 миллион теңге қарастырылып отыр.

Нүрзия Лесбекова, компанияның басқарма төрағасының орынбасары:

— Бекітілген. Ол сөзімізде тұрамыз. Бірінші январьдан бастап біздің 6 мыңнан астам жұмысшылар өздерінің жалақысын көбейгенін, жағдайларының жақсарғанн сезінеді деп ойлаймыз.  Айта кету керек,  мұнда 21 түрлі өнім шығарылып жатыр. Әлемнің 27 еліне экспортталады. Биыл жыл басынан бері  88 млрд теңгенің өнімін өндірген.  Оның 80 пайызы экспортқа жөнелтіледі.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә Осы категория бойынша: « Бартоғайдағы мың жарымнан астам су қоймасы жөндеу көрмеген Елордадағы аурухананың урология бөліміне әлемдік технология жеткізілді »

24.kz 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.