Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

557

Бүгінде Тараз қаласындағы оң өзгерістер мен атқарылып жатқан жанды жұмыстардан барлықтарыңыз хабардарсыздар деп ойлаймыз. Шаһар шырайын арттыратын жобалардан бөлек қаланың қым-қуыт тіршілігін қалыпқа келтіру бойынша да көптеген ілкімді істер қолға алынып, толайым тірліктер тыңдырылуда десек, оған өздеріңіз куәсіздер.

Сол жұмыстардың бірі – Тараз қаласының 99 көше қиылысындағы бағдаршам бағаналарын, жол белгілерін ауыстыру және таймерлер, көше атаулары сілтемелерін орнату шаралары.

Ол жұмыстарды мердігер «Газ-Сервис» ЖШС- і жүзеге асыруда. Оның ішінде 367 консоль бағаналарын ауыстыру жоспарланса, оның 291-і, 99 қиылыс бойынша жерасты кабель желісін орнату көзделсе, оның 56-сы орнатылды. Барлық жұмыс құны — 200 миллион теңгені теңге құрайды. Қазіргі таңда бұл қаражаттың 89 миллион теңгесі немесе 44 пайызы игерілген. Қалғаны — 110 млн.теңге игерілуде.

Сондай-ақ, айта кету керек шаһардағы 8 қиылысқа ақылды бағдаршамдар орнатылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

Бұл орайда қала тұрғындары, көлік жүргізушілер мен жолаушылар, сіздердің ой-пікірлеріңіз де біз үшін өзекті болып отыр. Өйткені, сіздер күнделікті қаладағы жолдармен әрлі-берлі қатынап, жүріп отырасыздар. Көше қиылыстарындағы бағдаршамдардың жану уақыт жиілігі, олардың ұзақ немесе қысқалығы туралы өз ұсыныстарыңызды білдірсеңіздер.

Көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас дейді ғой. Нақты ойларыңызды ортаға салсаңыздар дейміз?

Leave A Reply

Your email address will not be published.