
Александра Скороходова тау шаңғы спортынан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды: 14 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз алып слалом сайысында алтын медаль иеленді.
Екінші орынды канадалық Симона Сент-Пьер алса, қола жүлде АҚШ спортшысы Ноэль Ротқа бұйырды.