Қостанайда әріптестерінің атына 3,6 млн теңге несие рәсімдеген мұғалім сотталды

65

istockphoto.com

Қостанайда әріптестерінің атына 3,6 млн теңге несие рәсімдеген мұғалім сотталды: 17 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Қостанай қаласында әріптестерінің атынан несие рәсімдеген мұғалімге үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаладағы мектептердің бірінде мұғалім әрі кәсіподан ұйымының төрағасы болып жұмыс істеген келіншек 2024 жылдың қарашасы мен 2025 жылдың наурызы аралығында қызметкерлердің дербес деректеріне қол жеткізе отырып, олардың атына түрлі микроқаржы ұйымдарынан онлайн-қарыздар рәсімдеген.

Кәсіподақ тарапынан материалдық көмек көрсету сылтауымен және өзге де ойдан шығарылған негіздермен қызметкерлерді алдап, микроқаржы ұйымдарында онлайн бейне-верификациядан өткізген.

Мектеп қызметкерлері оған сеніп, кәсіподақ көмегін алу рәсімінен өтіп жатырмыз деп ойлап, бейне-верификациядан өткен. Кейіннен мақұлданған қарыздар күдіктінің банктік шотына аударылған. Алынған ақшалай қаражаттың болмашы бөлігі мектеп қызметкерлеріне материалдық көмек ретінде беріліп, қалған соманы күдікті өз қалауынша жұмсаған.

Нәтижесінде күдікті келіншек қылмыстық әрекеттерінен микроқаржы ұйымдарына жалпы сомасы 3,6 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сотта күдікті өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Жәбірленушілердің өкілдері жазаны соттың қарауына қалдырды.

Сот сотталушының жеке басын, жасалған әрекеттердің қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың ішінара өтелуін ескере отырып, күдіктіге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын, жаза мерзімінің бүкіл кезеңіне пробациялық бақылау белгілеумен, сондай-ақ 5 жыл мерзімге кәсіподақ басқарма төрағасы лауазымдарын атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 3-бабы 4-тармағына сәйкес сотталған С.-ның жаза мерзімі бестен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті өтеуге 2 жыл 9 ай 18 күн бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272961-qostanaida-ariptesterinin-atyna-nesie-rasimdegen-mugalim-sottaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.