Еңбекпен қамту бойынша дөңгелек үстел өтті

77

Жамбыл облысы бойынша ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен, жаңа жұмыс орындарын ашуға және сотталағандарды жұмыспен қамту және жұмыспен қамтылғандардың санын арттыру мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті.

2025 жылдың 23 маусымындағы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен ІІМ коллегиясында, жазасын өтеу мекемелеріндегі сотталғандарды толық 100% жұмыспен қамту тапсырмасы берілді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің өндіріс аумағындағы РМК «Еңбек Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттарында орта және кіші бизнес иегерлеріне жаңа жұмыс орындарын ашуға және сотталағандарды жұмыспен қамту және жұмыспен қамтылғандардың санын арттыру мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен ұйымдастырған дөңгелек үстелге, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Абдыкадыров Айдар Кайнарович, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңес төрағасы Айдаров Латиф Амзеевич, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының эксперті Джетыбаев Ербол Маратович, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД СЕҰБ бас маманы,әділет подполковнигі Мұсаева Динара Маделбековна, «Еңбек-Тараз» филиалынаң есепшісі Қабылов Әбдіманап Талқанбаевич, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің ЖС жөніндегі орынбасары, әділет майоры Сантаев Марғұлан Берикович, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің СЕҰТ инспекторы, әділет лейтенанты Мамасерикова Гулзия Мейрамбековна, ЖК «Алматов» директор Алматов Бауыржан Амангелдиевич, ЖШС «ТаразКожОбувь» Техникалық бөлім бастығы Аксакалов Нурлан Сайлауович, ЖК «Теңізбаев Б.Б.» Тенизбаев Бауыржан Бакытханович, сондай-ақ «Қазақстан баспасы»  ЖШС басшысы Сатыбалды Дінмұхаммед Даниярұлы, «Мурбеков» ЖК басшысы Мурбеков Данияр Джурабекович пен «Алима DELUX» ЖШС басшысы Комекбаева Алия Артыкбаевна қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.