«Электронды сот ісін жүргізудің артықшылықтары»

104

Соңғы жылдары соттарға келіп түсіп жатқан істер саны күн санап арту үстінде. Бұл көрсеткіштердің барлығы бірінші кезекте халықтың құқықтық сауаттылығының артуымен шартталады. Сот отырысының ашықтығының бағыты ретінде соттардың электронды құжат алмасуға көшкендігін атап көрсетуге болады. Электронды сот төрелігін іске асыру халықтың сотқа деген сенімін, сот төрелігіне қолжетімдігін, оның ашықтығын және жариялылығын арттыру ретінде танылады. Бүгінгі күнде соттар заманауи технологиялармен жұмыс жасауды бастап кетті. Сот саласында енгізілген ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жұмыс сапасының артуына септігін тигізді.
Электронды сот төрелігін жүргізу барысында азаматтардың сотқа талап арыздарын, шағымдарын және басқада заңмен қорғалатын құқықтарын қорғау мақсатында ұсынылған құжаттарын электрондық түрде беру, құжаттар көшірмелерін алу және іс-материалдарымен танысуды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе ретінде «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі болап табылады.
Сонымен қатар, соттардың ашықтығы мен жариялылығының айқын көрінісі ретінде «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесімен бірге, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен енгізілген келесі электрондық қызмет көрсету түрлерін атап өтуге болады, олардың қатарына күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайттары, халыққа қол жетімді «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қағазы», «СМС хабарлама» және «Дыбын-бейне жазбаға жазу» жүйелерін жатқызуға болады.
Осы жоғарыда аталған жүйелердің ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, бюрократтық кедергілерді жоюға, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелі болып танылатын ол – сот отырысының аудио-бейне жазба құралдарымен жүргізілуі. Халық үшін тиімділік танытқан, әрі жазбаша сот отырысының хаттамаларын алмастыра білген осы жүйе қолайлы сервистердің бірі. Бүгінгі күнде сот отырысының залдары жүз пайызға аудио – бейне жазба жүйелерімен толығымен жабдықталған.
Сот отырысының аудио – бейне жазба жүйелерімен жүргізудің тағы бір артықшылығы ол, жазбаны судьяның тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ екендігі. Сонымен қатар, сот отырыстарының аудио-, бейне жазбалары сот талқылауының барысын дәл тіркеу үшін тек сот ісін жүргізу мақсаттарында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді анықтау мақсаттарында пайдаланылады, бұл мән-жай сот отырысының ашықтығы мен әділеттілігінің бірден бір себебі ретінде тануға болады.
Жоғарыда көрсетілген сот жүйесіне енгізіліп жатқан барлық ақпараттық-инновациялық технологиялар, азаматтар мен заңды тұлғарлардың сот алдында өз құқықтарын қорғауына, сот төрелігінің барынша ашық және әділетті жүргізілуіне орасан зор септігін тигізеді.

Жамбыл облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының бас маман-сот
отырысының хатшысы ​ ​Қ.Ү.Қабылтай

Leave A Reply

Your email address will not be published.