istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/265614-petropavlda-alaiaqtar-37-adamnan-100-mln-tenge-alyp-ketken
2025 жылғы 4 сәуірде Петропавл қаласының соты алдын-ала сөз байласып, екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта бұлтартпас дәлелдер болғанына қарамастан екі күдікті өз кінәсін жоққа шығарып, істеген ісіне өкінбеді.
Жәбірленушілер сотталушылардың іс-әрекеттерін адамдарды сендіруге, сенімге кіруге қабілетті жақсы манипуляторлар деп сипаттады және соттан бас бостандығынан айыруға байланысты жаза тағайындауды сұрады.
Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптау «Б» және «Т» сотталушыларының облыс азаматтарының ақшалай қаражатын алдау және теріс пайдалану арқылы ұрлағанын дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, барлығын нақты бас бостандығынан айыруға айыптап, олардан келтірілген материалдық зиянды өндіріп алды. 2025 жылғы 28 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының апелляциялық алқасы «Б» және «Т» сотталғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Үкім заңды күшіне енді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265614-petropavlda-alaiaqtar-37-adamnan-100-mln-tenge-alyp-ketken