Теміртауда өткен концертте 59 бала адасып кеткен

81

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/264340-temirtauda-otken-koncertte-59-bala-adasyp-ketken
Теміртауда Металлургтер күніне арналған концертте полиция адасып кеткен 59 баланы ата-аналарына қайтарды.

Полиция қызметкерлері демалушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етті. Қала құраушы кәсіпорынның кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараларға облыстың әр қаласынан 35 мыңнан астам көрермен жиналды.

Сахнада танымал қазақстандық әртістер мен шетелдік қонақтар өнер көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Қарағанды облысында полиция мерекелік кеште бірде-бір оқыс оқиғаның орын алуына жол бермеді.

Құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция дрондар мен бейнебақылау камералары сияқты заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.

Бұл кез келген туындаған жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік берді. Адасқан балалардың ата-аналарын іздеу бойынша полицияның жұмысы ерекше назар аудартады.

Кеш барысында полиция облыстың 59 кішкентай тұрғынына көпшілік арасында адасып кеткен ата-аналарын табуға көмектесті.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264340-temirtauda-otken-koncertte-59-bala-adasyp-ketken

Leave A Reply

Your email address will not be published.