«Рақымшылық заңы» негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

79

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясына орай қабылдаған 2025 жылғы
» Рақымшылық заңы» негізінде түсіндірме жұмыстары психолог мамандарымен бірлесе режим бөлімінің аға жедел уәкілі әділет капитаны С.С Сайранбай және әділет лейтенанты А.Жапаркулов; Жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны Ж.Акимбаев, қызметкерлердің қатысуымен, өз саласына сәйкес заңдылықпен тәртіпті қатаң сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар түсіндірме жұмыстарының мақсаты- рақымшылық актісінің құқықтық мазмұнын түсіндіру арқылы сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заң талаптарын дұрыс түсінуіне жағдай жасау және Заңды тиімді әрі әділ қолдануға негіз қалау.
Сөз соңында мекеменің аға инспектор психологы әділет майоры М.Сейдуллаева, жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіндіріп, тек олардың дұрыс жолға түсуіне жәрдемдесу, бостандықтағы өмірге дайындық жоспарларын талқылау мен өз құқықтары мен міндеттеріне жеке тоқталып түсіндірілді. Сотталғандардың қойған сұрақтарына нақты және толық жауаптар беріледі.

Маржан Сейдуллаева, 

мекеменің аға инспектор психологы, әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.