Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды

74

2025 жылғы 19 шілде күні түнгі сағат 00:30 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлескен патрульдеу кезінде мекеменің №2 аумақ, №4 пост маңында (Аскаров көшесі жағынан) күдік тудырған азаматты байқап, оны ұстады. Азамат белгісіз затты мекеме қоршауынан асырып лақтыруға әрекет жасаған.

Ұстау барысында ол өзін С. есімді 2002 жылы туған, Тараз қаласының тұрғыны, бұрын сотталмаған, жұмыссыз екенін айтты. Оның қолындағы пакетті тексеру кезінде ішінен бір шар тәрізді және үш төртбұрышты оралған, скотчпен жабылған түйіндер табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл заттар аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға арналған.

Оқиға орнына сағат 01:15 шамасында Тараз қаласы ПБ №1 бөлімінің жедел-тергеу тобы келіп, түйіндер ашылды. Нәтижесінде төмендегі тыйым салынған заттар анықталды:

• 12 дана ұялы телефон,

• 3 дана Wi-Fi роутер,

• 1 дана смарт сағат,

• 1 дана сымсыз құлаққап,

• 1 дана электронды сигарет.

Барлық телефондары жұмыс істейтін күйде, графикалық кілтпен құлыпталған, SIM-картасыз болған.

Аталған дерек мекеменің КУИ есебінде 2025 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел басқару бөліміне, облыс прокурорына және ҰҚКД-ге хабарланды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.