«Отбасы банкінің» онлайн ипотекасы: Жылдам, тиімді және қолжетімді

56

Баспаналы болудың басты жолы – ипотека


Еліміздегі халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында біраз жан ипотекалық несие арқылы баспанаға қол жеткізіп отыр. Бұл нақты қаражаты жоқ халық үшін де, ипотекалық несиелендіруді жетілдіруде пайыздық мөлшерлемесі бар банк үшін де тиімді әрі таптырмас әдіс деуге болады. Ал бағаның тұрақты өсуіне қарамастан, әрбір адам қолжетімді баспанадан дәмелі екені тағы бар.


Отандық банк саласында ойып тұрып орын алған, мыңдаған қазақстандықтың баспаналы болуына оң ықпал еткен «Отбасы банк» АҚ клиенттерге жайлы жағдай жасау жолдарын жыл сайын жетілдіріп келеді. Сондай тиімді тетіктердің бірі –ипотека. Соңғы уақытта да бұл жүйе тұтынушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отыр.
Осы орайда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру аясында басқосу өтті. Онда Отбасы банкінің қызметі мен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою функциясын беру туралы мәселе қозғалды.
Осы мәселе төңірегінде «Отбасы банк»АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Сұлтанов Нұрлан Темірбекұлы баяндама жасады.
Баяндама 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіштерді қамтыды.
Бүгінде банк арқылы бірнеше тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ:
Аймақтық «Әулиеата жастары» бағдарламасы
Мемлекеттік «Жаңа тұжырымдама» бағдарламасы
«Наурыз-Отау» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары
«Жаңа тұжырымдама» бағдарламасы бойынша:
2024 жылы
2 пайызбен – 349 несие беріліп, 3,2 млрд теңге игерілді
5 пайызбен – 376 несие беріліп, 3,3 млрд теңге игерілді
Жалпы сомасы – 6,5 млрд теңге
2025 жылдың алғашқы жартысында:
2 пайызбен – 142 несие, 1,3 млрд теңге
5 пайызбен – 141 несие, 1,5 млрд теңге
Жалпы сомасы – 2,8 млрд теңге
«Наурыз-Отау» бағдарламасы бойынша 2024–2025 жылдары:
Алдымен – 35 несие, 530 млн теңге
Біріктірілгеннен кейін – 282 несие, 2 млрд теңге
«Әулиеата жастары» бағдарламасы:
137 несие, 1,9 млрд теңге
Жалпы берілген барлық несиелердің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.
______________
2025 жылы басталған «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламасы бойынша:
32 несие – 713 млн теңге
«Наурыз» бағытымен – 51 несие, 1,2 млрд теңге
Тұрғын үй іздеу сатысында – 82 несие, 2,4 млрд теңге
Күтуде тұрғандар – 36 адам, 900 млн теңге сомасына
Арендалық төлемді субсидиялау бағыты бойынша:
2024 жылы:
505 шарт жасалып, 281 млн теңге төленді.
2025 жылы:
Қосымша 259 жаңа шарт жасалып, 30 млн теңге бөлінді.
Қазіргі таңда барлығы 660 шарт белсенді жұмыс істеп тұр.
______________
Екінші бөлім – Кезекке қою функциясын Отбасы Банкіне беру
Бұрын тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу жергілікті атқарушы органдардың құзырында болған.
Қазір бұл функция Отбасы банкке беріліп, толық цифрлық форматқа көшті.
Банк orken.otbasybank.kz платформасы арқылы:
Азаматтарға онлайн өтінім беруге
Жалға немесе несиелік тұрғын үй конкурсына қатысуға
Жалға алу төлемін 50 пайызын субсидиялауға мүмкіндік беріп отыр.
______________
Кезекке тұру шарттары:
Соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үй болмауы
Астана, Алматы немесе Шымкент қаласында 3 жылдан кем емес тіркелуі
Санитарлық және техникалық талаптарға сай келмейтін баспанасы барлар – кезекке қабылданбайды
Мемлекеттік қолдау өмірінде бір рет қана беріледі
______________
Өтінім беру үшін не қажет:
Интернеті бар компьютер
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
Мобильді азаматтар базасында тіркелу
SMS арқылы 1414 нөмірінен растау
______________
Статистика:
2024 жылдың 24 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы бойынша
11 143 азамат кезекке тұрған.
Әр өтінім бойынша цифрлық отбасы портреті жасалады.
Онда:
Отбасының табыс деңгейі
Меншігіндегі мүлік
Нақты мұқтаждық деңгейі ескеріледі.
______________
Қолжетімділік сатысы (Лестница):
Табысы төмендерге – жалдамалы тұрғын үй ұсынылады
Әлеуметтік осал топтарға – 2% несие ұсынылады
Орта табысы барларға – 5% несие ұсынылады
Жоғары табысы барларға – «Наурыз Жұмыскер» ұсынылады

Тұрғын үйді бөлу тәртібі (распределение жилья)
Жалдамалы тұрғын үй бойынша:
Объекті әкімдік банкке береді
Банк оны Baspana Market-ке енгізеді
Кезектегілерге SMS арқылы конкурс байқау басталғаны хабарланады
Конкурстық байқауға тек қолжетімділік сатысына сәйкес келетін азаматтар қатыса алады
Жеңімпаздармен жалдау шарты жасалады
Ипотекалық тұрғын үй бойынша:
Объект Baspana Market-ке жүктеледі
Кезекке тұрған жыл бойынша пулы қалыптасады
Тек тиісті азаматтар ғана өтінім бере алады
Төлем қабілеті тексеріледі
Мақұлданғандарға сату-сатып алу шарты рәсімделеді
Сосын Отбасы банк ипотекасын алады
______________
Әділдік қағидасы:
100 тұрғын үйдің:
70%-ы – әлеуметтік осал топтарға
Соның ішінде:
20% – жетім балаларға
50% – көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, ардагерлерге
30%-ы – қалған кезектегілерге берілетінін айтты.
______________
Қорытындылай келе,
Отбасы банк тұрғын үйді әділ, ашық және цифрлық форматта бөлу жүйесін жүзеге асырып отыр.
Бұл жүйе азаматтардың нақты табысы мен мұқтаждығына негізделген,
сондықтан процесті жылдам, тиімді және баршаға қолжетімді етеді. Сондықтан осындай халыққа қажеттілігі зор тиімді бағдарламаларды дер кезінде ашып, көрсетіп, түсінікті етіп насихаттап, көпке жария ету қажеттілігін де баса айтқан Қанатбек Қайшыбекұлы осы мәселелерге байланысты бірқатар тапсырмалар беріп, алдағы жұмыстарға баса назар аударды.
Дариха Үмбетиярова, журналист

Leave A Reply

Your email address will not be published.