Курорт сөзін естігенде, адам миы бір рахаттанып демалу деп қабылдайды. Иә, ол — демалыс, бірақ онымен қоса емделу болып келеді. Жылына бір рет демалып, ағзасын тазалап, денсаулығын тексертіп тұру керек.
Шипажай — бұл күнделікті алаңдаушылықтан арылғысы келетіндер үшін тамаша орын. Қалалық қарбалас пен шудан алыс, сіз тыныштық пен жайлылықта, ашық ауада серуендеуде және дұрыс тамақтануда рахаттана аласыз.
Осындай рахатты сезінген жандардың бірі мен Пазылбек Үмбетияров. Күні кеше Тараз қаласынан 30 шақырымда орналасқан«ALMALY RESORT» шипажайында болып, шипажайдан алған әсерімнен арыла алмай отырмын,
Ойымдағы мен көрген білгенімді әлеуметтік желі арқылы жазып, алғысымды жеткізгім келіп отыр.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде! Бұл тұста шипажайлардың орны ерек. Қазақстандықтар да соңғы жылдары шет елде емес, өзіміздің отандық шипажайларда демалғанды жөн санаған көрінеді. Ал демалысты жаны сүйетін жамбылдық тұрғындарға «Almaly resort» шипажайының есігі әрдайым ашық.
Шипажай Тараз қаласынан 30 шақырымда орналасқан. Аумағы 10 гектарды алып жатыр. 60 адамға арналған емдеу-сауықтыру мекемесінде келушілерге барлық жағдай жасалған.
Жеке орналасқан бір қабатты корпус ішінде 6 жайлы люкс нөмірі, жаттығу залы мен емшара қабылдауға арналған бөлмелері бар. Барлық бөлмелер кондиционерлермен, санитарлық тораптармен, тоңазытқыштармен, жиһазбен, теледидарлармен, жатын бөлмелермен, залдармен, ас үй аймағымен жабдықталған.
Әр нөмірдің жеке кіретін есігі, барбекюге арналған аймағы мен тапшаны бар. Одан бөлек, асхана, заманауи ас үй жабдықтарымен толық қамтамасыз етіліп, зал мен кабиналарда теледидарлар мен караокелер орнатылған. Жаздық іс-шараларға арналған кафе мен сахнасы да бар. Сонымен қатар шипажайдың ерекшелігі – білікті дәрігерлер озық технологиялар қолданады. Тағы бір артықшылығы – нысан таза ауада, таудың баурайында, табиғаттың ғажайып бейнесінде орналасқан. Мұнда ем алушыларға парафин, тұзды шахта, лимфалық дренажды етік, тұзды ванна, жылу сақтайтын етік, фитобочка, массаж көрпесі, магнит, қысқа толқынды ультракүлгін сәулелендіру, амплипульс, ультрадыбыстық ем, биоптрон, Кегель креслосы, Лазмик-ВЛОК, омыртқаны созуға арналған тренажер, динамикалық, дірілдейтін, миостемуляциялайтын «МАРУТАКА» омыртқасының созылуына арналған аппараттары арқылы ем ала аласыздар. Алдағы уақытта денсаулық сақтау қызметкерлері өздерінің кәсіподақ ұйымдарымен ем қабылдай алады.
86 жастағы менің қас қабағыма қарап, көңілімді тауып, бар жағдайымды жасаған«ALMALY RESORT» шипажайының басшылығынан бастап барлық ұжымына Алланың нұры жаусын деп, әкелік, аталық ақ батамды беріп, тілеулерін тілеп қайттым. Қаншама келіп кетіп жатқан жандардың алғыстан басқа айтары жоқ. Тәтті тамақ, жайлы төсек, әдемі табиғат, жылқы, қоян, құстардың түр түрі. Жаныңа жайлылық сыйлайтын кереметтің бәрі осында екен.
Шипажай Тараз қаласынан 30 шақырым қашықтықта тау ішінде орналасқан.Табиғаттың берген қазынасы ғой. Тазалығы да керемет. Табиғатта демалып,саф ауамен тыныстағанға не жетсін. Демалыс деп осыны айт . Кем дегенде он жылға жасарып қайттым десем болады.
Пазылбек Үмбетияров, Тараз қаласы, 86 жаста