Ұлттық киім – ұлт қазынасы

120

Наурызнаманың онкүндігі аясында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін, 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Атаулы күні ұлттық киім киіп, ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарды тағып жүруді жыл сайын әдетке айналдырған Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің қызметкерлері биыл да әдеттерінен жаңылмады. Осыған орай мекеме қызметкерлері қызметтік формаларын ұлттық киімге ауыстырып, бір күнді қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына арнады.

Шара аясында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев әріптестерін құттықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

— Сіздерді Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, салт-дәстүрімізді жаңғыртатын ерекше мереке. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Біз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, елдің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, ұлттық бірегейлігімізді сақтауға да үлес қосамыз. Сондықтан төл мәдениетімізді дәріптеу – әрқайсымыздың парызымыз, – деді Б.Ортаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.