Жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылды

33

Тексеру нәтижесінде жүргізушімен жасалған еңбек шарты бұзылды

Өзбекстан Республикасы Шұғыл медициналық көмек орталығы бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың 13 наурызында Қоқан қаласындағы №10 отбасылық емханаға тиесілі жедел жәрдем көлігі қызметтік мақсаттан тыс пайдаланылған. Жүргізуші Ғ.А.-ның көлікке ағаш көшеттерін тиеп, жолға шыққаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде жүргізушімен жасалған еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар көлік құралдарын тиімді пайдалану жөнінде жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізбегені үшін емхананың бас дәрігері Ф.М.-ға ескерту түрінде тәртіптік жаза тағайындалды.

 Видеодан алынған кадр

https://turkystan.kz/article/257297-zhedel-zh-rdem-koligimen-otyn-tasygan-zhurgizushi-kyzmetinen-bosatyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.