Әуежайда әйелді кепілге алған азамат бұрын автобуста қызды ұрғаны үшін сотталған

105

Бұл ақпаратты Алматы полициясы растады.

Бүгін Алматы әуежайында әйел қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытқан азамат бұған дейін автобуста бойжеткенді ұрғаны үшін сотталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

66 жастағы күдікті 2024 жылдың қарашасында автобуста бойжеткенді ұрған.

«Алматы қаласының полициясы екі жағдайда да бір күдікті болғанын растайды. Автобустағы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот тергеу кезінде оны үйқамақта ұстау туралы үкім шығарған», — деді полиция.

2024 жылдың желтоқсанында сот оған бір жыл еркіндігін шектеу жазасын тағайындаған.

https://turkystan.kz/article/256916-uezhaida-ieldi-kepilge-algan-azamat-buryn-avtobusta-kyzdy-urgany-ushin-sottalgan

Leave A Reply

Your email address will not be published.