4 жастағы келіншек жалдамалы пәтерде ешқандай медициналық көмексіз босанған.
Көп ұзамай бауыр еті баласын тастап кеткен көкек-ана ұсталды. 44 жастағы келіншек жалдамалы пәтерде ешқандай медициналық көмексіз босанған. Жүкті кезінде есепке де тұрмаған. Қазір бес баланың анасы алтыншы нәрестесінің өлі туылғанын айтып ақталып отыр. Сондықтан ол сәбидің денесін ауладағы қоқыс жәшігіне тастаған. Қазір күдікті медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жеткізіліп, бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған факті бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында баланың анасы табылды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп пікір білдірді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Гүлнұр Түсіпова.
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/256595-oskemende-n-restesin-kokyska-tastagan-ana-ustaldy