Махамбетте 45 жастағы азамат 28 жылқыны ұрлап кеткен

63

Махамбет ауданы аумағында орын алған мал ұрлығы қылмысы тергеліп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл іс бүгінде облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Махамбет ауданы аумағында 28 бас жылқы малын ұрлады деген күдікпен 45 жастағы күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қазіргі таңда ірі көлемде мал ұрлығы дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысты барлық деректер мен мән-жайлар тексерілуде, айғақ заттар тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

фото; ATPress.kz
https://atpress.kz/kk/news/quqyk/makhambette-28-zhylk-yny-rlap-ketken?fbclid=IwY2xjawItK4xleHRuA2FlbQIxMQABHY89a6_PvLZmHBRXmycW-mjnyYzlC74sD2HIa0VErI89vu_-Irdrsel0vg_aem_aK-w8yrsutm4BYpODi_vJA

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.