Путин мен Трамп ақпанның аяғына дейін кездесуі мүмкін — Кремль

71

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп ақпанның аяғына дейін немесе одан кейін кездесуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Песковтың айтуынша, Трамп пен Путин кездесуі үшін Ресей СІМ тарапынан белгілі бір дайындық қажет.

Сондай-ақ, ол АҚШ кімді тағайындайтынына байланысты Путин Ресей Федерациясынан Украина бойынша келіссөз жүргізушіні бекітетінін айтты.

«Алдымен америкалық тарап бізге Украина ісі бойынша басты келіссөз жүргізуші кім болатынын хабарлайды. Америкалық тарап өз адамын бергеннен кейін, ол кім болатынына байланысты біздің президент өзінің өкілі болатын адам туралы шешім қабылдайды», — деді Песков.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та үш тарап Сауда Арабиясында кездесетіні туралы ақпарат тарады. 2025 жылы 18 ақпанда Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды. Кейінірек Дональд Трамп Эр-Риядтағы АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді.

Жуырда Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, украиналықтар үшін бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы осы болса, бұл қадамға баруға әзір.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.

Ж. Қадыржанова

https://massaget.kz/news/putin-men-tramp-akpannyin-ayagyina-deyn-kezdesu-mumkn-kreml-125439/?fbclid=IwY2xjawIin4tleHRuA2FlbQIxMAABHX5NC2iJaIPDPFa6AsYWB-G-pchKS1iTY1Pj6j0e6n7_ZnLkhKX6-AXi6g_aem_egnBhIi8diWEVqnx4H0V5g

Фото: kremlin.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.