Хань Чунлинь: Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі

49
2024 жылғы қиындықтарға қарамастан Қытай экономикасы жалпы тұрақтылықты сақтап, жоғары сапалы дамудың жаңа жетістіктерін көрсетіп, ілкімді ілгерілеуге қол жеткізді. Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай орындалып, сапаның тиімді жақсаруы мен санның орынды өсуі байқалды. Қытай экономикасы жаһандық экономика үшін «тұрақтылық тірегі» және «күш көзі» қызметін жалғастырып жатыр.

Біріншіден, Қытай экономикасы тұрақтылықты сақтап, дағдарысқа жоғары төзімділік таныта отырып, алға жылжуда. 2024 жылы жаһандық экономиканың жандануы баяулады және белгісіздік пен тұрақсыздық өзара тоғысты. Қытай үкіметі бір-бірін толықтыратын саяси шаралар пакетін іске қосу үшін күш-жігерін арттырды және Қытай экономикасы тұрақты ілгерілеу мен жоғары сапалы дамуға қол жеткізіп, күшті өміршеңдік көрсетті. Қытайдың жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 5%-ға өсіп, 134,9 триллион юаньға жетіп, алғаш рет 130 триллион юань шегін басып өтті. Осылайша, әлемде екінші орынға шықты. Қытай экономикасының жаһандық нарыққа қосқан үлесі шамамен 30% болып қалады, бұл Қытайды жаһандық экономикалық өсудің ең үлкен драйверіне айналдырады. 2024 жылы Қытайдың астық өндірісі рекордтық көрсеткішке — 700 миллион тоннаға жетіп жығылды. Жан басына шаққандағы қолда бар табыс нақты мәнде 5,1%-ға артты, ал республикалық жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді.

Екіншіден, ғылыми-техникалық жаңалықтар үздіксіз қарқын алып, дамуға жаңа серпін беруде. 2024 жылы Қытай жаһандық инновация индексінде 11-орынға көтеріліп, рейтингтің алғашқы 30-ына кірген жалғыз орташа табысты ел болды. Сонымен қатар, Қытай соңғы 10 жылда инновациялар ең жылдам өскен экономикалардың бірі, сондай-ақ ғылыми-техникалық инновациялық кластерлердің саны ең көп ел болып саналады. Bloomberg болжамы бойынша, Қытайдың жоғары технологиялы өнеркәсібі 2018 жылғы 11%-дан 2026 жылы ЖІӨ-нің 19%-ын құрайды. Жаңа энергетикалық көліктер, литий батареялары және фотоэлектрлік өнімдер сияқты «жаңа үштікті» қоссақ, бұл үлес 2026 жылға қарай 23%-ға жетеді. 22 жаңа «маяк зауытының» 13-і Қытайда.

Үшіншіден, мемлекеттің жан-жақты қуатын көрсете отырып, жасыл түрлендіру қалыпты қарқынмен жүзеге асырылуда. Қытай жасыл және төмен көміртекті өнеркәсіптерді белсенді түрде дамытып, әлемдегі ең үлкен және ең толық жаңа энергетикалық өнеркәсіп тізбегін құруда. Қытай әлемдегі фотоэлектрлік модульдердің 70%-ын және жел энергиясы жабдығының 60%-ын жеткізеді және 16 жыл қатарынан фотоэлектрлік модульдер өндірісі бойынша әлемде бірінші орынды иеленіп келеді. Қытайдың фотоэлектрлік өнім экспорты төрт жыл қатарынан 200 миллиард юаньнан асты. 2024 жылы жел турбиналары экспорты 71,9%-ға өсті. 2024 жылы 3,91 миллиард литий батареясы экспортталды, бұл — рекордтық көрсеткіш. Қытайдың жаңа энергетикалық көліктер өндірісі жылдам өсуін жалғастыруда, жылдық өндіріс алғаш рет 10 миллион бірліктен асып, жаһандық жаңа энергетикалық көліктер нарығындағы үлесі 76%-ға жетті.

Төртіншіден, тұтыну нарығы бірте-бірте қалпына келіп, экономикалық өсудің орасан зор әлеуетін ашып отыр. 1,4 миллиард адамдық үлкен тұтыну нарығы Қытайдың экономикалық дамуының орасан зор «қозғаушы күшіне» айналып, ішкі сұраныстың «әлеуетін» ашуды жалғастыруда. 2024 жылы Қытайдың жалпы тұтыну тауарларының бөлшек саудасы 48,8 триллион юаньға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артты. Қытай жеті жыл қатарынан Қытай халықаралық импорт көрмесін өткізіп, біржақты ашықтықты тұрақты түрде кеңейтіп, нарыққа кіруді жеңілдетіп, тариф деңгейін белсенді түрде төмендетті. Нәтижесінде импорт көлемі рекордтық деңгейге жетуді жалғастыруда. 2024 жылы Қытайдың импорты 18,39 триллион юаньға жетіп, 2,3 пайызға артты. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі бойынша, Қытай 2024 жылы әлемдегі екінші ірі импорттаушы болып қала береді. Қытайдың аса үлкен нарығы әлемге көбірек мүмкіндіктер мен таңдау еркіндігін береді.

Бесіншіден, сыртқы сауда нарықтың өміршеңдігін ынталандыра отырып, жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Қытай 150-ден астам елдер мен аймақтардың негізгі сауда серіктесіне айналды. 2024 жылы импорт пен экспорттың жалпы құны 43 триллион 850 миллиард юаньға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға артып, жаңа тарихи белеске қол жеткізіп, дүние жүзіндегі ең ірі тауар саудасы елі ретіндегі ұстанымы одан әрі нығайды. Қытайдың трансшекаралық электронды сауда импорты мен экспортының көлемі 10,8 пайызға артып, 2 триллион 630 миллион юаньға жетті. Қытай-Еуропа жүк пойыздарының жалпы саны 100 мыңнан асты. Жаңа дәуірдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаһандық экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды сауда бағытына айналды, 2024 жылы Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер арасындағы тауар айналымы жылына 6,4 пайызға артып, одан асып түсті.

2024 жылы шілдеде ҚКП 20-шы Орталық Комитетінің үшінші жалпы отырысында Қытайдың реформаны одан әрі жан-жақты тереңдету және қытай үлгісіндегі жаңғыртуды ілгерілету жөніндегі жүйелі жоспарлары тұжырымдалып, 300-ден астам ірі реформалық шаралар алға қойылды. 2024 жылғы желтоқсанда өткен Орталық экономикалық жұмыс конференциясында сыртқы әлемге ашылуын жоғары деңгейде кеңейту, сыртқы сауда мен шетелдік инвестицияларды тұрақтандыру, бірқатар шараларды алға қою қажет екендігі айтылды. Халықаралық тұрақсыздық жағдайында өндіріс пен жеткізу тізбегінің бұзылуы барған сайын күрделі сипатқа ие болуда. Сыртқы ортадағы өзгерістердің Қытай экономикасына кері әсері күшейе түсті, бірақ Қытай экономикасы күшті тұрақтылыққа, қуатты әлеуетке және жақсы болашақ даму перспективаларына ие. Ұзақ мерзімді оң негіздер өзгерген жоқ, жоғары сапалы дамуды қолдайтын оң факторлар көбейіп келеді. Дүниежүзілік банк Қытайдың 2025 жылғы ЖІӨ өсімі туралы болжамын 0,4 пайыздық тармаққа көтеріп, 4,5 пайызға дейін жеткізді. Жалпы, халықаралық қауымдастық Қытайдың экономикалық болашағына сенімді. Алдағы 2025 жылға қарай Қытай жоғары деңгейдегі ашықтықты табанды түрде ілгерілетіп, сауда протекционизміне табанды түрде қарсы тұрады, инклюзивті экономикалық жаһандануды белсенді түрде жақтап, Қытай даналығы мен әлемдік экономикалық дамуға шешім қабылдауға күш салады.

Қытай мен Қазақстан – тату көршілер, адал достар және игі серіктестер, ортақ таулар мен өзендер байланыстырған, тағдыры ортақ. Қытай мен Қазақстанның экономикасы бір-бірін жоғары толықтырады және экономикалық және сауда ынтымақтастығында бірегей артықшылықтарға ие. Соңғы жылдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпиннің стратегиялық басшылығымен және жоспарлауымен Қытай мен Қазақстан даму стратегияларының сәйкестігін нығайтуды жалғастыруда, екі жақ та әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың жоғары жылдамдықты жолына түсті. Қытай қазір Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі және маңызды инвестиция көзіне айналды. Қытай кеденінің статистикасына сәйкес, Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 2024 жылы 6,8 пайызға артып, 43,82 миллиард долларға жетті. Қытайдың Қазақстандағы инвестициялық капиталы 24 миллиард АҚШ долларын құрайды. Қытай жаңа тарихи кезеңде Қазақстанмен бірлесіп, «Бір белдеу, бір жолдың» жоғары сапалы бірлескен құрылысының келесі «алтын онжылдығын» құру мүмкіндігін пайдаланып, өзара тиімділік пен жеңіске жету қағидасын ұстануға дайын. Екі елдің халықтарына көбірек пайда әкеліп, аймақтық және жаһандық экономиканың дамуына көбірек үлес қосып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін екі елдің экономикалық және сауда ынтымақтастығын ынталандыру жалғаса береді.

Хань Чунлинь, 

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы

Төтенше және Өкілетті Елшісі

фото:https://turkystan.kz/article/254964-khan-chunlin-kytai-kazakstannyn-en-iri-sauda-seriktesi

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.