Елімізде көктем келсе су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі. Осыған орай Мойынқұм ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді.![]()

Ауданда осы бағыттағы жұмыстар үнемі бақылауда және барлық қажетті шаралар қолға алынған.
Егін шаруашылығына пайдаланылатын арық-атыздарды тазалау және су тасқынының алдын алу жұмыстары да жергілікті ауылдық округ әкімдері тарапынан тұрақты түрде жүзеге асырылып отыр.![]()

Бұл жұмыстар аудан әкімі тарапынан жіті қадағаланып, әрбір елді мекен үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріс жүргізілуде.
Қыс-көктем мезгілдерінде келетін тасқын судың елді мекендерге залал келтірмеуі үшін барлық алдын алу шаралары қабылдануда.
Осы мақсатта Шу өзеннің арнасы мен Радай көпіріне арнайы барып, бақылап қайттым.