Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі.
Балдырғандарды ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да аудан бүлдіршіндерін ерекше күйге бөлеп, жылдағы дәстүрге сай аталып өтуде.
«Бұл өмірде жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыластарыңызбен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Еліміздің барлық аймағында өздеріңіздей өнегелі, білімді балалар Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Бүгінгі шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Келер жыл баршаңыздың арман-тілектеріңіз орындалатын жыл болсын» деп мен де тілегімді арнап, балалармен балаша қуандым.
Салтанатты шарада балалар жайдары көңіл-күймен өз өнерлерін ортаға салды.
Жаңа жылдың басты сәні — жасыл шыршаны айналып, шаттық пен қуанышқа бөленді.
Таластық оқушылар үйінің әзірлеген арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады.
Мерекелік шараға қатысқан балғындарға Жаңа жылдық сыйлықтар үйлестірілді.