Украиналық ер адам құтқарушыларға алғысын айтып, мысығының тірі қалғанына қуанғанын жеткізді.
«Мен бақыттымын, өйткені менің мысығым тірі. Мысығымның менімен бірге болғанына қуаныштымын», – деді ол.
Украиналық пен мысық төрт күн бойы тамақ ішпеген. Олар -10 градус температурада 400 м тереңдіктегі жырада болған. Құтқарушылар оларды көтеруге бес сағаттан астам уақыт жұмсаған.
«Өтініш, мысыққа қамқорлық жасасаңыздар», – деді ол дәрігерлерге.
Оның бұл сөзін Марамуреш тау-құтқару қызметінің директоры Дэн Бенга жеткізді.
Марамурештегі украиналық босқындарға арналған орталықтың мәліметінше, мысық ветеринарлық көмек алды. Ер адам қазір қабынуға қарсы препараттар мен қан айналымын жақсарту үшін дәрі-дәрмектерді қабылдап жатыр.
Шабдалы — Румынияның таулы аймағынан құтқарылған алғашқы мысық. Дуда — 2022 жылдың ақпанынан бері Марамуреште құтқарылған 160-тан астам украиналық ер адамның бірі. Тағы 16-сы өлі табылды.
Марамуреш — Украинамен шекарадағы Карпат тауларының таулы және қол жетпейтін бөлігі.
Фото: Видеодан скрин
https://stan.kz/mobilizaciyadan-kashkan-ukrainalik-ruminiya-shatkalinda-411180/