Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрақты тұрғын үй алу, уақытша үй-жайға тұру, Ауған соғысында қаза болған баласының атына үй беру және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Жанғозы Өмірғалиұлы мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Жұмыс жүргізу үшін бірқатар мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.