Ол белбеуін кезекті рет биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда қорғауы керек болған.
Боксшы Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орташа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін.
Бұл туралы turkystan.kz Vesti.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
IBO ережелері бойынша боксшы атағын жылына бір рет қорғап отыруы керек. Жанқош Тұраров өзінің белбеуін 2023 жылдың наурызында алған. Ол кезде мексикалық Алехандро Менесесаны жеңген еді. Ал 2023 жылдың желтоқсанында жапониялық Акихиро Кондоны жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалған болатын.
Ол белбеуін кезекті рет биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда қорғауы керек болған. Алайда Хесуса Корреа Пинтомен кездесуі кейінге қалдырылды.
Осылайша ол енді белсенді болмағаны үшін атағынан айырылмақ.
фото: Ғаламтор
https://turkystan.kz/article/252966-zhankosh-turarov-chempiondyk-atagynan-aiyryluy-mumkin