Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік жерлері көрсетілген бейнебаянын ұсынды

33

Әннің бейнебаяны Қазақстанның ең көрікті, қасиетті жерлерінде түсірілді.

Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік жерлері көрсетілген бейнебаянын ұсынды

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның туризмін дамыту үшін «Киелі мекен» әніне бейнеклип түсірді.

Әннің бейнебаяны Қазақстанның ең көрікті, қасиетті жерлерінде түсірілді. Видеодан Шарын шатқалын, Көлсай көлдерін, Ақмешіт үңгірін, Әзірет-Сұлтан тарихи музейін, Бозжыра шатқалы, сол сияқты Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық саябақтарын көруге болады.

«Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен «Киелі мекен» әніме түсірілген бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған!

Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық.

Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін», — деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

фото: instagram

https://turkystan.kz/article/252518-dimash-ku-daibergen-kazakstannyn-turistik-zherleri-korsetilgen-beinebaianyn-usyndy

Leave A Reply

Your email address will not be published.