Аймақ шаруаларын оқытатын шаруа қожалықтарының базасы жасақталады

1 047

Облысқа замануи агротехнологияларды ауқымды тарту үшін мемлекеттік қолдауды тікелей осыған байлау керек. Қажет болған жағдайда қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілетін болады.  Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған облыс активі жиналысында мәлімдеді.

Бұдан бөлек, аймақта ауыл шаруашылығымен айналысатын немесе айналысам деушілерді жаппай оқыту үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасы жасақталады. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат аясында қосымша нақты жоспар әзірленбек.

Осы орайда, құрылып жатқан заманауи облыстық агроколледж де бұған өз үлесін қосады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.