САРЫСУДА СПОРТТЫҚ «БАЛЫҚ АУЛАУ» ЖАРЫСЫ ӨТУДЕ

43
Адамның өмір сүруге деген құлшынысын арттыратын демалыстың бірі, әрі спорттың ерекше түрі – балық аулау.
Спорт – денсаулық кепілі десек, таза ауада, тұнық судың бойында спорттық балық аулау, балықшылардың табиғат аясындағы демалысы адам денсаулығына өте пайдалы.
Бүгін Жаңатас қаласындағы үлкен көлде спорттық балық аулау жарысы басталды.
Таңсәріден қармағын алып көлге келген балықшылардың қарасы қалың.
Ауданда алғаш рет өткізіліп отырған жарыстың ашылуына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысты.
» Балық аулау біздің халқымызға жақын кәсіптің бірі. «Балық іздесең көлге бар, береке іздесең елге бар» дегендей, өңіріміздегі өзендер мен көлдер балыққа толы болса, ол елдің берекесі болмақ. Бүгінгі жарыс аудан тұрғындары арасында спорттық — әуесқойлық балық аулауды дамыту, су айдынында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналып отыр. Осындай жарыстар арқылы ауданда кәсіби балықшыларды анықтап, алдағы уақытта спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыта беретіндігімізге сенім мол» — деген аудан басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін, спорттың бұл ерекше түрін өткізуге белсене ат салысып, демеушілік танытып отырған «Қазфосфат ГПК» ЖШС-нің бас директоры Серік Тұрсынбеков құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Жарысқа 30-ға тарта балықшылар қатысып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.