АУДАН ӘКІМІ ТАЛАС ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА БОЛДЫ

53
Бастауын Қырғыз елінен алатын Талас өзені суының сарысулықтар үшін маңызы зор.
Талас өзенінің табанында отырған шаруаларға, жайылымдықтар мен шабындықтарға өзен суының жетуі үшін тиісті шаралар қолға алынуда.
Соның бірі Талас өзенінің аудан аумағындағы арналарын тазалау, өзен суының кедергісіз ағуына мүмкіндік жасау.
Аудан əкімі Сәкен Мамытов вегитациялық кезеңнің аяқталуына орай, күз айларында жіберілетін өзен сулары ағатын аудан аумағындағы арналардың жай-күйін барып көрді.
Жауапты тұлғаларға Талас өзені арнасының тазалау жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.