ҚАРТТАРЫН АРДАҚТАҒАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

24

Ақбұлым ауылдық клубында 1-қазан қарттар күніне орай, «Қайта келмес кездер-ай!» ретро кеші өтті.

Мақсаты — Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойымызға сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата — баба аманатына адал, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Іс шара барысында әскери есеп жүргізуші бас маман Г.Асқарованың ұйымдастыруымен ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебеков Мараталы Ахметұлы және ақсақалдар кеңеснің мүшесі ауылымыздың белсенді азаматы Салжанов Мұхтар Есенғалиұлы еңбегі сіңген қарияларымызға төс белгі тағып құрмет көрсетті. Осы орайда ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды қарияларымызға дастархан жайылып кеш қонақтары Амангелді Жангелді, Тұрдыбекова Мерей, Асан Жанель, Көшекбаева Ақбота ән шашуларын сыйласа кішкентай өнерпазымыз Ғалым Даниял «Әже» әнімен ретро кешімізді аяқтады. Құрметке бөленген қарттарымыз алғыстарын айтып, баталарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.