Елімізде әуе компанияларының қызметіне халық баға беріп рейтингін жасау ұсынылды

27

Андрей Лукин ұшақ рейстерінің бірнеше сағаттап кешігуінің үлкен мәселеге айналып баражатқанын алға тартты. Сондықтан бұл жағдайды үкімет тарапынан қатаң бақылауға алуды ұсынды.

Заңға сәйкес, рейстердің ұшу мерзімі әуе компанияларының кесірінен шегерілген жағдайда жауаптылар жолаушыларды ең керекті қызметтермен қамтамасыз етуі тиіс. Мәселен ұшақ  белгіленген уақыттан төрт сағатқа ұзаса азаматтарға ыстық тамақ беріп, ал бес сағаттан артық кешіксе қонақ үйге орналастыруға міндетті.

Алайда сенатордың айтуынша әуе компаниялары бұл талаптар орындамайды. Сондықтан қызмет сапасын арттыру үшін қоғамдық рейтинг жасау керек. Одан бөлек жолаушыларға өтемақы төлеу үшін міндетті сақтандыру енгізуді ұсынды. Ал жолынан кешіккен тұрғындардың дені әуе компанияларының бағасы қымбат болғанымен, сапасы нашар деп отыр.



“Сапасы жоғары болса, соған мінуге тырысамыз. Билеті қымбат болса да, кешіктірмейтін, доспарларымызды әрі қарай орындауға мүмкіндік бере алатындай болса дейміз. Сонда кешіктірмей, сақтықпен апаратын ұшаққа мінуге тырысамыз”, “Бақылауға алған дұрыс! Ұзақ кешіксе шара қолдану керек! Жауапсыз қалдыратын мәселер бар”, “Көңілім толмайды, бағасы да қымбат. Қанша жерден барып алып тұрғаннан кейін жауапкершілік болуы керек”, – деді тұрғындар.

Фото: pixabay.com

https://stan.kz/elimizde-aue-kompaniyalarinin-kizmetine-halik-baga-beri-408230/

Leave A Reply

Your email address will not be published.