Пилоттық жоба 2024 жылғы 18 наурызда енгізілген
- 161 707 адамы – eGov mobile арқылы;
- 2 816 адамы – жазбаша шектеген.
Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметінше, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
- eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
- жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).
Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызмет 2024 жылғы 18 наурызда енгізілді. Ведомство пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысу көрсеткіші төмендеп жатқанын атап өтті.