Айына 1 миллион теңгеден астам табыс табатындардың үлесі – 3 пайыз. Бұл туралы Ult.kz Energy Monitor ақпараттық-талдамалық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Орташа айлық жалақы алушылар былай бөлінді:
- — 100 000 теңгеге дейін – 6,1% қызметкер;
- — 100 001 — 150 000 теңге аралығында – 12%;
- — 150 001 — 300 000 теңге аралығында – 35,1%;
- — 300 001 — 600 000 теңге аралығында – 35,6%;
- — 600 001 — 900 000 теңге аралығында – 6,9%;
- — 900 001 — 1 200 000 теңге аралығында – 2,1%;
- — 1 200 001 — 1 500 000 теңге аралығында – 1%;
- — 1 500 001 теңгеден жоғары – 1,2%.
Ең көп табыс табатындар – темекі өнімдерін өндірушілер, олардың орташа жалақысы айына 1 миллион 279 мың теңге.
Мұнай-газ өндіру саласының қызметкерлері орташа есеппен 1,1 миллион теңгеден асады. Алайда, бұл сандар сыйақылар мен үстемелерді ескере отырып алынған орташа көрсеткіштер.
Ең жоғары орташа жалақы аймақтар бойынша Атырау облысында байқалады – 594 426 теңге.
Фото: pexels.com