Жыл басынан бері МӘСҚ-1 млн-нан астам қазақстандық төлем алды

64
МӘСҚ-дан 5 әлеуметтік тәуекел бойынша төлемдер жүзеге асырылады: еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша, бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер тиісті мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалады. Олардың мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдардың санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты болады.
Жұмысынан айырылу бойынша төлем 1 айдан 6 айға дейінгі кезеңге жүйеге қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысқа байланысты жоғалған табыстың 45%-на дейінгі мөлшерде тағайындалады. Бұл төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды жұмыс іздеп жүрген кезеңде қолдауға арналған.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша біржолғы төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Оның мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.