Қызылордада халықтық штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті

50

Халықтық штаб Атом энергетикасы саласының еліміздегі ахуалы мен  оның тиімділігі талқылады.

Қызылордада халықтық штаб өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті
 Халықтық штаб

Халықтық штаб АЭС құрылысын қолдау жөнінде Қызылорда облысындағы «Ассоль» мекемесі,«Қазақтелеком» филиалы және Облыстық кәсіподақ ұжымымен кездесті.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері «Ассоль» мекемесінің ұжымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

1997 жылы негізі қаланған «Алтын Орда» ЖШС компаниясы — йодталған ас тұз өндіру саласындағы қазақстандық нарық көшбасшыларының бірі болып табылады.
2016 жылдан бастап компания барлық талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес «Ассоль» және «Сафия» брендтерімен ас тұзын өндіреді.

Атом станциясының тиімділігі өзінің елге керектігін дәлелдеп отыр. Елімізде көптеген өндіріс зауыттары бар. Олардың өзі электр энергиясын шамадан тыс қолданады. Оған қоса жеке тұрғын үйлер мен көше жарықтары, тағы басқа электр қуатын қажет ететін салалар жетерлік. Мәселен, жел мен судан алатын электр қуаты да бар. Бірақ олар тұрақсыз болып табылады. Ал атом электр энергиясы жоғарғы технологияға жатады. Бізде мамандарымыз, оларды оқытатын институтымыз бар, — деді Кездесуде штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов.

Кездесуде тұрақты электр қуатының қажеттілігін жақсы түсінетін компания ұжымы АЭС салуды қолдайтындықтарын жеткізді. Олар ең бастысы халыққа қауіпсіз болғаны дұрыс деп санайды.

Одан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов  «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда филиалының ұжымымен кездесті.

Байланыс саласының мамандары бүгінде өңіріміздің барлық елді мекендерін жоғары байланысты мобильді оператормен және ғаламтор желісімен қамтып отыр.

Оңтүстік өңірлерде электр қуатының жетіспеушілігі сезілуде. Сондықтан, жетіспейтін энергия көзін Ресейден сатып алып отырмыз. Оның үстіне қазір барлық заттар электр қуатының көмегімен жұмыс істейді. Мәселен, Алматының өзінде 5 000-нан аса электр қуатымен жүретін көліктер бар екен. Демек, заман алға жылжуда, соған сай біз де уақытында әрекет еткеніміз дұрыс.

Өткен жылы Корея еліне барғанымыздағы сондағы ғалымдардың 2050 жылға қарай сұраныста болатын мамандықтарды оқытып бастап жатқанын көрдік. Жаһанның алға ұмтылысы өте жылдам, демек талап солай болып отыр. Сол секілді, көрші елдердің біразы атом станциясын салуға кірісіп кетті. Оның ішінде Моңғолия, Өзбекстан секілді мемлекеттер, алыстағы Араб әмірліктері мен Египет секілді елдер бар, — деді штаб мүшесі Наурызбай Сейтқалиұлы.

Кездесуде ұжым тарапы көмірден, күннен, желден өндірілетін электр қуаттары жайлы да сауалдарын жолдады.

Мәселен 4,5 грамм уран таблеткасы 100 тонна көмір беретін электр қуатын бере алады. Сонымен қатар, көмірден тарайтын улы газдар әлемдік экологиялық ахуалға кері әсерін беруде. Көмірден шығатын күлдің өзінде бірнеше улы металдар, химиялық элементтер бар. Жаһан елдері 2060 жылға қарай көмірді қолдануды мүлде тоқтатуға бел байлады.

Ал біз айтып отырған атом энергиясы «Жасыл энергия» қатарына кіреді. Соңғы шыққан  ІІІ+ буыны қолданыста тиімді екенін көрсетіп отыр. Ең басты мәселе — атомға деген фобияда. Бізге тарихтан мәлім атом апаттары станцияның І буындары кезеңінде адами фактор әсерінен болғанын ұмытпаған абзал. ІІІ+ буыны өзінің қорғаныш қабаттарымен, қашықтан басқарылатындығымен өзінің қауіпсіздігін дәлелдеген, — деді штаб мүшесі Руслан Рүстемұлы.

Ұжым тарапы атом энергетикасына байланысты толғандырған сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

Ал Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов Облыстық кәсіподақ ұжымымен кездесуде Атом энергетикасы саласының еліміздегі ахуалы мен  оның тиімділігі талқылады.

Ол Атом станцияларының ел әлеуетіндегі маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінде атом станциясының құрылысын жүргізуге Корея, Франция, Ресей мен Қытай ниет білдіріп отыр. Біздің ғалымдар атом энергетикасын іске асыруда тәжірибесі мол елдермен жұмыс істеуде. Әлемде ең тиімді атом станцияларының ІІІ+ буыны негізге алынуда. Себебі, бүгінге дейін аталған нұсқа өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тәжірибеден өтті»,-деді.

Жиында кәсіподақ мүшелері атом станциясы құрылысы, кадр әлеуеті және ядролық энергияның әсері жайлы сауалдарын жолдап, ой пікірлерімен бөлісті.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы 12 салалық кәсіподақтарда 1007 кәсіподақ ұйымдарын, 96 812 кәсіподақ мүшелерін біріктіреді.

Серіктес жаңалықтары

Тоқаев Түркістан облысына барды

Ауылдар неге жойылып жатыр?

АЭС-ты ауыл үшін қолдап отырмын – Баққожаев

Келесі жылдан бастап рөлі оң жақтағы көліктерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынады

Қазақстандық өз органын сатпақ болған

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны ата-аналық құқығынан айырғысы келеді

https://turkystan.kz/article/249491-kyzylordada-khalyktyk-shtab-okilderi-enbek-uzhymdarymen-kezdesti

Leave A Reply

Your email address will not be published.