Прокуратура тергеу жүргізіп, іс материалдарын сотқа жіберген.
Теміртау қаласының екі тұрғыны бірнеше жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, жалпы қарыздары 5,2 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот екі борышкерге де пробациялық бақылау орната отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
2023 жылдан бері Теміртау қаласында алимент төлемеген 43 азамат Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
https://turkystan.kz/article/249489-temirtau-kalasynda-alimentti-kasakana-tolemei-zhurgen-eki-azamat-zhauapkershilikke-tartyldy