Аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңатас қаласында қатты жауған жаңбырдан орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын аралап көрді.![]()

Үй иелерімен кездесіп, пікірлесті.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерге жұмысты уақытылы аяқтау керектігін, тиісті сала басшыларына бақылауда ұстауды тапсырды.
Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 7 шілдесі күні қатты жауған жаңбырдың салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, қаламыздағы бірқатар көшелердегі үйлердің ауласы мен ішін су алған болатын.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі