Тұрғындар тілегі – басты назарда

365

Мемлекет басшысының №826 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері және азаматтарды жеке қабылдауы көзделген. Осыған орай, 2023 жылы қаланың 11 аумақтық округінде 11 кездесу өтсе, биыл бүгінгі күнге дейін 8 кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі таңда басқосуларда айтылған ұсыныс-пікірлерлер кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.

– Нақтырақ тоқталсақ, 2023 жылы 62 жеке қабылдау өткізіп, 643 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдадым. Ал 2024 жылдың 7 айында 37 жеке қабылдау өткізіп, жалпы 540 азамат жеке сауалдарымен жүгінді. Олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілді. Бұдан бөлек, облыс әкімі жүктеген хаттамалық тапсырмалар да тұрақты назарға алынған, – деді Б. Орынбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.