Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

722

Фото видеодан алынған

Қайғылы оқиға Ақтау қаласының №33 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

Полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан полиция қызметкерлерінің оқиға орнын арнайы лентамен қоршауға алғанын көруге болады.


«Біреу итеріп жіберген»: Ақтөбеде үшінші қабаттан құлаған 22 жастағы келіншектің жақындары оның өзіне қол салғанына сенбейді


Полицияның мәліметінше, оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні болған.

«Аталған факті бойынша “өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», — делінген полция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада бес баланың анасы терезеден секіріп кетіп, көз жұмғаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/aktauda-ayel-kopkabatti-uyden-kylap-koz-zhymdi-405549/

Leave A Reply

Your email address will not be published.