БҚО-дағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланды

199

«Қазагроқаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» шаруалардың қарызын кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.

БҚО-дағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланды
 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстан облысының екі бірдей ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Олар – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары.

Аталмыш аудандарда қуаңшылыққа байланысты шабындық шөп шығымы өте нашар. Оған қоса, киіктер де азық қорын жинауға үлкен кедергі келтіріп отыр.

Сол себепті мал азығын дайындау қиын. Қазір шаруаларға көмекқаржы бөлініп, жеке тұрғындарға шөпті шалғайдан тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар «Қазагроқаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» шаруалардың қарызын кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.

Жәнібек ауданында 118, Бөкей Ордасында 175 қожалық лизингке техника алса, қос ауданда 472 ауылшаруашылық құрылымының борыштары бар екен. Әкімдіктер тиісті тізімді қаржы институттарына жолдаған.

– Арыз-талап түскен жағдайда жеке арыз қаралады. Яғни реструктуризация қаралып, жеңілдік жағын қарап беруге әзірміз. Реструктуризация дегеніміз — биылғы төлемдері болған жағдайда 24-тің төлемдері әрі қарай шегіндіреді. Графигін, төлем кестесін өзгеретеміз де. Сонда қиыншылық болмайды, – дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚОФ директоры Марат Сарсеев.

https://turkystan.kz/article/247842-bko-dagy-eki-audanda-totenshe-zhagdai-zhariialandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.