Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Алматы қаласының ПД кәмелетке толмаған жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққаны анықталды. Бұл Тимирязев көшесінің қиылысында болды.
Полиция жедел түрде жүргізуші — 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты анықтады. Оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ.
Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу).
Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Серіктес жаңалықтары
«Ауылдың жігіті»: Актриса Нұргүл Мыңғатова кімге тұрмысқа шығайын деп жатқанын айтты
Лукашенко Қазақстанға шүйлікті. Әскерде 270 сарбаз қаза тапқан — Ұлыс апта
«Әкесінен 2 айлық кезінде айырылған»: қызмет бабында көз жұмған 3 полицейдің балалары оқуға түсті
Жанқош Тұраров Әнару Құрманәлінің үстінен кері арыз түсірді
Жанқош Тұраров өзін айыптаған қызбен төсек қатынасында болған ба? Боксшының өзі жауап берді
«Өзін таза деп есептейді»: Жанқош Тұраров Әнару Құрманәлінің үстінен арыз түсірді