Тұсау кескен сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Париж олимпиадасынан күміс жүлде еншілеп қайтқан Демеу Жадыраев грек-рим күресінен әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Қорлан Жақаншаның ұлының тұсауын кесті.
«Салқам Жәңгір-Ханның тұсауын, олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Демеу ағасы кесті. Ағасы сонау Парижден арқалап келген жүлдесін таңдады біздің балапан, Алла қаласа әлемді аузына қаратқан, дүбірлі додада ешкімге дес бермес нар тұлғалы азамат болғайсың құлыным. Әкең чемпион, тұсауыңды чемпион кесті. Жетектеген батыр ағасы Дамир Күзембаев»-деп жазды бүлдіршіннің анасы Құндыз Төлебаева.
Желі қолданушылары балапанға ақ жол тілеп жатыр.
«Бір жұлдыз туып келеді. Бағы мен бабы бірдей болса екен!», «Демеу ағасы сияқты Олимпиада чемпионы болып, жұлдызы жансын»-дейді оқырмандар.