Мойынқұмда жылыту маусымына дайындық шаралары

825

«Қыс шанаңды жаз сайла» дейді қазақ даналығы. Расында қыс қыр астында. Осы кезеңде төтенше жағдайлар жиілеп кететіні белгілі. Әсіресе қар

басқан ауылдар мен тайғақ жолдағы апаттар қос бүйірден қысатыны бар.Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Әмірханов Ақбақай, Мирный ауылдарына арнайы барып қайтты.

Атап айтқанда Ақбақай ауылындағы орта мектептің қысқы жылыту маусымына дайындығы, қазандығының жәй-күйін анықтап қайтты.

Одан кейін Мирный ауылындағы ауыз су мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, аталған мәселені толық зерделеді. Әрине биыл қыс қалай болатындығын ешкім дөп басып айта алмайды. Алайда алдағы қарашаның қара суығы келді дегенше, қылышын сүйретіп кәрі құда қыс та төрге шығатыны белгілі. Сондықтан жылыту маусымына дайындық шараларын қазірден бастап, кез келген жағдайға дайын болғанымыз абзал. Сонда ғана қара халықтың ұйқысы тыныш, ел-жұрттың амандығы болмақ. Ең бастысы халықтың амандығы мен өмірі.

Мойынқұм ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.