Жамбылдақтар Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға құрмет көрсетті

108

 

➤ XXXIII жазғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Жамбыл облысының тумасы Нұрбек Оралбай туған жеріне табан тіреді. Былғары қолғап шеберін жерлестері құрметпен қарсы алды.

➤ Салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, спортшының айтулы жеңісі үшін жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.

➤ Ербол Қарашөкеев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне демеушілердің есебінен Hyundai Sonata автокөлігінің кілтін табыстады.

➤ Өз кезегінде Нұрбек Оралбай жерлестерінің көрсеткен зор құрметі мен қошеметіне алғыс білдірді.

➤ Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 2000 жылдың 11 маусымында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында дүниеге келген.

➤ Салтанатты шара соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.