ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

119
Бүгін Жамбыл ауданы оқушыларын мектепке тасымалдайтын автобустардың жаңа оқу жылына дайындықтары зерделенді.
Балаларды мектепке сапалы және қауіпсіз тасымалдауды жүзеге асыру үшін 2024-2025 жаңа оқу жылында аудан бойынша тиісті мектептері жоқ 10 ауылдық округтен (21 елді мекен) 13 мектепке 1820 оқушы тасымалданып, білім алатын болады. Мектеп оқушыларын тасымалдайтын барлығы 27 автобустың 18-і білім бөлімінің, 7-ы кәсіпкерлердің меншігінде.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңадан 2 автобус 1-ші және 7 орта мектептеріне берілді. Автобустарды ағымды жөндеуге қаржы бөлініп, жаңа оқу жылына автобустар жөндеуден өтті.

Махпал Досымбекова,

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.