Жапония мен Ресей атом энергетикасынан бас тартқан жоқ – Елнұр Бейсенбаев

82

“Жақында елімізде АЭС салу бойынша референдум ұйымдастырылады. Сондықтан да бүгінгі жария талқылауда халықты алаңдатқан сұрақтар туралы талқыланып жатыр.  Бүгінгі қоғамдық кеңесте АЭС туралы түрлі пікірлер айтылды. Фукусимадағы және Чернобыльда болған апат та ескертілді. Бірақ осы жағдай болғанымен жапондықтар мен ресейліктер АЭС салудан бас тартқан жоқ. Қазіргі таңда екі елде де АЭС кемінде 30% энергетикалық тұрақтылықты сақтап отыр. Сонымен қатар күні кеше Париж қаласында Олимпиада өтті. Ал Франция 70% энергетикалық тұрақтылықпен АЭС қамтамасыз етіп отыр”, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Спикер қазір елде энергия тапшылығы бар екенін атап өтті. Бұл 10 жылдан кейін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан қоғамдық талқылау барысында бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан қарастыру керек дейді Елнұр Бейсенбаев.

“Әлемде барлық мемлекеттер көмірмен алынатын энергиядан бас тартып жатыр. Біздің көршілес Қытай мемлекетін алайық. Осыдан 12 жыл бұрын Бейжің қаласында болдым. Ол кезде қала көшелерінде таза ауа болмайтын. Бірақ қазір ол әлемдегі таза экологиялық қалалардың қатарына кіріп отыр. Сондықтан да біздің елде міндетті түрде тұрақты энергияны қамтамасыз ету керек. Бүгінгі талқылауда түрлі оқыс жағдайлар болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Бірақ бұл айтылып жатқан пікірдердің ғылыми жағына назар аудару қажет. Осы күнге дейін елімізде үш референдум өтті. Олардың барлығы саяси бағытта болды. Қазақтың тарихында бірінші рет әлеуметтік, қоғамды мазалайтын референдумды өткізейін деп жатыр. Яғни бұл мемлекет басшысы айтқан “құлақ асатын мемлекет” қағидасының іске асып жатқынын көрсетеді. Бүгін шынайы пікірталас өтіп жатыр. Иә рас, бүгін АЭС-ті қолдаушылардың қатары осында көбірек. Мұнда пікір айтушы ғылыми сарапшылар бар. Аманат партиясы ретінде осы идеяның мейлінше шынайы іске асуына және дауыс беруде әділтікті сақтауға күшімізді саламыз. Біздің қатарымызда да кәсіби энергетика мамандар бар. Сондықтан да бұл тақырыпқа жан-жақты қарау қажет», – деді депутат.

https://stan.kz/zhaponiya-men-resey-atom-energetikasinan-bas-tartkan-zh-405040/

Leave A Reply

Your email address will not be published.